Анастасия Крымкова ITF World Tennis Tour W25 турнирінің екінші айналымына өтті. Турнир Астанада «Президент кубогы» аясында өтуде.

Настя 16 жаста – бұл оның ересектер арасындағы бірінші турнирі. Алдымен ол іріктеу турнирінде екі кезеңнен өтті: Ресей мен Үндістаннан келген екі мықты қарсыласын ұтты. Содан кейін ол негізгі кезеңге түсіп, бірінші айналымнан өтті.

Бірінші раундта Анастасия 18 жастағы Жанель Рүстемовадан басым түсті.

Тамаша бастама. Анастасия мен оның жаттықтырушысы Вадим Шустерді құттықтаймыз!

Жазбаның суреті: Андрей Ударцев.

icon__angle_bottom icon__angle_left icon__angle_right icon__check icon__cross icon__question icon__settings icon__whats-up