NSK.KZ
25-26 қаңтар күндері Горький атындағы @gorkytennis теннис саябағында балалар арасында теннистен «Жасыл доп» турнирі өтті, оған демеуші ретінде қуана қолдау көрсеттік.
Балалар спортының дамуына үлес қосу біз үшін үлкен мәртебе. Әрбір жас спортшы жеңіске жету жолында қолдауға лайық деп есептейміз. Сондықтан ҰҚК жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар дайындады!
Турнир атмосферасы, балалардың жарқыраған көздері және олардың жеңіске деген ұмтылысы балалар спортын қолдаудың дұрыс шешім екеніне тағы да көз жеткізді.
Барлық қатысушыларды лайықты ойынмен құттықтаймыз! Арманыңызға қарай жүре беріңіз – біз әрқайсыңызға сенеміз!