Қазақстанның ерлер құрамасы әлемдік рейтингте 13-орыннан 9-орынға көтерілді. Команда Дэвис кубогының финалдық кезеңіне (командалық әлем чемпионатына) жолдама алды. Рейтингте Хорватия бірінші орында. Испания екінші орында, ал Франция үздік үштікті тұйықтады.

Дэвис кубогының финалдық бөлігінің топтық кезеңі қыркүйекте, плей-офф қараша айында өтеді. Топтық кезең мен плей-офф ойындарын өткізетін қалалар осы жылдың наурыз айының соңында немесе сәуір айының басында белгілі болады.

icon__angle_bottom icon__angle_left icon__angle_right icon__check icon__cross icon__question icon__settings icon__whats-up